Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Атырауда театр өртенді

2019 жылдың 22 тамыз 2019 16:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атыраудағы Қазақ драма театрынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«22 тамызда сағат 14.30 кезінде Атырау қаласында «101» пультіне Махамбет Өтемісов атындағы Қазақ драма театрынан өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Нақтырақ айтқанда, екінші қабаттағы электроқалқан өртеніп, тілсіз жау ғимараттың шатырына тараған. Шамамен өрттің шарпу аумағы 1500 шаршы метрді құрады», - деді комитеттен.

Жеке құрамнан 40 адам мен 7 арнайы техниканың арқасында өрт сөндірілді. Полиция қызметкерлері драма театрының аумағын қоршауға алды.





Жоғары қарай