Ауа райы
Нұр-Сұлтан 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Атырауда өртке оранған пәтерден бес адам құтқарылды

2019 жылдың 12 маусым 2019 19:29 641

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда өртке оранған пәтерден бір отбасының бес мүшесі құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алты қабат үйдің үшінші қабатындағы пәтер жанды. Өрт алдымен балконда тұтанған, артынша ешкім жоқ пәтердің пластик есік-терезелері жанған. Пластиктен шыққан қою түтін дәлізді толтырып, жоғарғы қабаттағы пәтерге өткен. Сол төртінші қабаттағы пәтерде үш ересек адам және екі бала түтіннен уланып қалған. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар отбасын түгел құтқарып, дәрігерлердің қолына тапсырды», - деп мәлімдеді Атырау облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Автор: А. Соколов

 

 

 

Жоғары қарай