Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Атырауда оқтан жараланған ер адам көз жұмды

2019 жылдың 19 сәуір 2019 22:13

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда атыс кезінде жараланған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, атыс кезінде жараланған 1986 жылы туған ер адам қайтыс болған.

Еске сала кетейік, Атырауда полиция адамға оқ атқан Мақат ауданының екі тұрғынын іздеп жатқаны туралы хабарлаған едік.

Әлеуметтік желіде таралған хабарламаға қарағанда, облыстық аурухананың жансақтау бөліміне 1986 жылғы ер адам түскен. Оның сол иығына бытырамен оқ атып, жарақаттаған. Жарақаттанған ер адам - Мақат ауданының тұрғыны. Осы қылмысты жасады деген күдікпен осы ауданның 1973 және 2002 жылғы тұрғындары іздестіріліп жатыр.

Адамды жарақаттау фактісі ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тіркеліміне тіркелген.

Автор: А. Соколов

Басты сөздер: Оқиға, Атырау облысы,
Жоғары қарай