Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Атырауда облыстық тұрғын-үй басқармасына жаңа басшы келді

2020 жылдың 9 сәуір 2020 22:32

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Бауыржан Зайнеденұлы Тұхфатов облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Бауыржан Зайнеденұлы 1967 жылы 25 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген. 1985-1992 жылдары В.Ленин атындағы Ресей энергетикалық институтында инженер-электрик мамандығы бойынша білім алған. Ал, 2005 жылы Атырау мұнай және газ институтын экономика және басқару мамандығымен бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1992 жылы «Атырау-Жарық» АҚ-да инженер болып бастаған. 2004 жылға дейін аталған компанияда апатқа қарсы автоматтық орталық қызметінің жетекшісі, орталық қызметі бастығының орынбасары, өндірістік-техникалық қызметінің бастығы-бас инженердің орынбасары, метрологиялық қызмет бастығы-бас метролог, бірінші вице-президенттің орынбасары-бас инженер болып жұмыс істеген.

2006-2013 жылдар аралығында «ОблТрансГаз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, 2013 жылы Жылыой ауданы әкімінің орынбасары, 2014 жылы Мақат ауданы әкімінің орынбасары болған.

2017-2018 жылдары Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.


Жоғары қарай