Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 376.09
EUR 426.71
RUB 5.72
CNY 55.99

Атырауда монша өртеніп, бір адам қаза тапты

2019 жылдың 21 қаңтар 2019 06:32 431

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда монша өртеніп, бір әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Женсенбі түстен кейін облыс орталығында Әлиев көшесі бойындағы жеке үйдегі монша өртенді. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады. Кейін өрт толығымен сөндірілді. Өрт орнынан 1967 жылғы әйелдің денесі табылды. Сондай-ақ, денесін күйік шалған 22 жастағы жігіт  облыстық ауруханаға жатқызылды», - делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.

Автор: А. Соколов

 

 

Жоғары қарай