Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 432.47
RUB 6.12
CNY 55.78

Атырауда қонақүйдегі өрт: ТЖД 29 баланы құтқарғандарды іздестіруде

2019 жылдың 16 маусым 2019 14:35 1139

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Облыстық ТЖД Атырау қаласындағы қонақүйде шыққан өрттен құтқарылған балаларға қатысты толығырақ мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төтенше жағдайлар қызметкерлері келгенше, өрт кезінде «Райхан» қонақүйінде болғандарды құтқару басталып кетті. Бірнеше жас жігіт Орал қаласынан бапкерімен келген 7-8 жастағы футболшыларды қауіпсіз жерге эвакуациялаған. Олар 29 бала мен екі ересекті жанып жатқан ғимараттан алып шықты. Куәгерлер өрт сөндірушілерге екінші қабаттағы балалардың барлығы құтқарылмағанын хабарлаған. Құтқарушылар жалын шарпыған қонақүйдің ішінен тағы үш баланы шығарды. Қонақүйде болғандардан ешкім зардап шеккен жоқ», - деді облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіндегілер.

Олардың мәлімдеуінше, қазір қонақүйдегі балалар мен үлкендерді құтқарғандардың аты-жөндері анықталып жатыр.

Авторы А.Соколов

 

 

Жоғары қарай