Ауа райы
Нұр-Сұлтан 18 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Атырауда қазақтың атақты үш биіне ескерткіш орнатылды

2019 жылдың 18 қаңтар 2019 15:40 3439

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Төле, Қазыбек және Әйтеке биге алып ескерткіш қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  

Облыстық сот ғимаратының орталық кіре берісінде қазақ билеріне ескерткіш орнатылды. Мерекелік шараға Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов, Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов және Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым, зиялы қауым өкілдері және ақындар қатысты.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов өзінің құттықтау сөзінде ескерткіштің ашылуы - бұл мұнайлы аймақтың қоғамдық және мәдени өміріндегі маңызды оқиға екенін атап өтті.

«Жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылды. Қазақстан халқы тарихтағы ең күрделі кезеңде қазақтарды біріктіруде шешуші рөл атқарып, елдің еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы билер - Төле, Қазыбек және Әйтекені құрметтеп, ешқашан естен шығармайды. Бұл - ұрпақ сабақтастығы, дәстүрлер жалғасы. Ескерткіш облыстық сот ғимаратының жанында кездейсоқ орнатылмаған, бұл - қазақ халқының даналығы, әділдігі мен абыройының символы», - дейді Серік Шапкенов.

Айта кетейік, ескерткіштің биіктігі - 4 метр. Қоладан жасалған және мәрмәр тұғырда орналасқан. Ескерткіштің авторы - атақты қазақстандық мүсінші Бақытбек Мұхаметжанов.





 

 

Жоғары қарай