Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Атырауда екі қыз бала терезеден құлап кетіп, біреуі қаза болды

2019 жылдың 29 сәуір 2019 19:20

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда екі бала терезеден құлап, бірі қаза тапты, ал екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр. Төтенше жағдай қаланың сыртындағы Орман шаруашылығы шағын ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аурухананың жансақтау бөліміне түрлі жарақат алған екі бүлдіршін - 5 және 4 жасар қыздар түсті. Қыздардың үлкені алған жарақаты салдарынан көз жұмды. Өкінішке қарай, дәрігерлер оны құтқарып қала алмады. Төрт жасар қыздың жағдайы тұрақты ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер оған барлық қажетті көмекті көрсетуде», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Басты сөздер: Оқиға, Атырау облысы,
Жоғары қарай