Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 340.27
EUR 396.31
RUB 5.39
CNY 52.39

Атырауда дүкенді «жарып жіберген» күдікті ұсталды

2018 жылдың 23 мамыр 2018 15:04 409

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық азамат жалған терроризм жасады деп күдіктелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атырау қаласының  № 2 сотының тергеу судьясы Атырауқаласының ІІД тергеу бөлімінің тергеушісінің Ж.А.-ға қатысты «күзетпен ұстау»түріндегі  бұлтартпау санкция беру туралы өтінішін қарады. Ер адам қылмысты жасағаны үшін  ҚазақстанРепубликасының ҚК-нің 273-бабымен, яғни дайындалып жатқан терроризм актісітуралы көрінеу жалған хабар бергені үшін күдіктінеді. Тергеу судьясы Ж.А.-ға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі  бұлтартпау шарасына 2 айға санкция берді», -делінген соттың хабарламасында.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 18 мамыр күні, сағат 10.17 сағат Ж.А. Атырау қаласының ІІД жедел басқару орталығының «102» нөміріне қоңырау шалып, Атырау қаласы, Лазо көшесінде орналасқан «Gallant» дүкенінің алдында жарылғыш зат орнатылғандығы туралы жалған ақпарат берді деп күдіктенуде.

Бұрын 2016 жылы ол дәл осындай қылмыс жасағаны үшін  2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

 

 

Жоғары қарай