Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Атырауда браконьерлік дерегімен 1500 іс қозғалды

2020 жылдың 20 ақпан 2020 10:30

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында браконьерлік дерегімен 1500 әкімшілік және қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов «балық шаруашылығы саласын дамыту – басты міндеттің бірі» деп санайды. Осыған орай балық шаруашылығы басқармасына арнайы тапсырма беріп, әсіресе, браконьерлікпен күрес шарасына баса назар аударды. Өйткені балық шаруашылығын саланы дамыту үшін браконьерлікпен күрес маңызды рөл атқарады.

«Былтыр браконьерлік дерегі бойынша 1500-ге жуық әкімшілік және қылмыстық іс көтерілді. Сот арқылы 287 адам жауапкершілікке тартылды», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Балық қорын көбейту үшін былтыр Жайық өзеніне 7,5 млн бекіре тұқымдас балықтардың шабағы жіберілді. Сондай-ақ, өткен жылы өңірде 15 464 тонна балық аулауға квота бөлінді. Квотаны игеру көлемі 84,7 пайызға орындалды. Енді биыл бұл көрсеткішті 95 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.


Жоғары қарай