Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Атырауда бейбіт күннің батыры Шалқар Ақымғалиевтың құрметіне көкпар ұйымдастырылды

2019 жылдың 8 сәуір 2019 22:58 1010

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Шалқар Ақымғалиевтың рухына бағышталып ұйымдастырылған жаппай көкпарға 30-дан аса шабандоз қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаппай көкпарды "НұрАтырау Құрылыс" ЖШС-і ұйымдастырды. Мекеме қолдауымен киіз үй тігіліп, қазақша күреске кілем жайылып, Құран оқылды. Шараға Шалқар Ақымғалиевтің анасы Ләззат Мәженқызы, қайғылы оқиғаны бастан кешірген Рүстембек Сүндетов, ел азаматтары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

null 

null 

Шара барысында Шалқар батырымыздың анасына алғыс xат табысталып, Рүстембек батырымызға  шапан жабылды.

«Атырау облысында ұлттық спорт, соның ішінде көкпар қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда қаламызда апта сайын жеке азаматтар, мекемелер ұйымдастыруымен жаппай көкпар, топтық көкпар ұйымдастырылады. Бүгінгі шара халық батыры Шалқардың рухына ұйымдастырылды. Бұл еліне елеулі азамат, оның ерлік қадамы мәңгілік ел жадында»,- деді Атырау облыстық Ұлттық спорт түрлері Федерациясының президенті Асланбек Жанбалаев.  

Еске сала кетейік, 21 наурыз күні Атырауда Шалқар Ақымғалиев Жайық өзеніне көпірден секірген бойжеткенді құтқарып, өзі қаза болған еді.     



null 

null 

 

Жоғары қарай