Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Атырауда бекіре балығын заңсыз аулаған браконьерлер қамауға алынды

2019 жылдың 7 қыркүйек 2019 20:27

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ұсталған браконьерлер қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Қанат Қабдоловтың айтуынша, 5 қыркүйек күні сағат 12:30-да орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің солтүстік бөлігінен 200 аттың күші бар аспалы «Ямаха» моторлы «Байда» қайығын ұстаған. Онда Атырау қаласының екі тұрғыны болған. Жүзу құралын тексеру кезінде 298 кг бекіре тұқымдас балық пен 22 кг сазан, сондай-ақ балық аулайтын заңсыз құралдар табылған.

«Облыс прокурорының өкімімен браконьерлік фактісі ҚР ҚК 335-бабы 4-бөліміне ауыстырылды. Бұл бап бойынша айыпталғандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ұсталған екі браконьер (1987 және 1988 жылы туған) уақытша тергеу абақтысына қамалды. Күдіктілерді сот санкциясы күтіп тұр», - дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Қанат Қабдолов.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Атырау облысында бекіре тұқымдас балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталғанын жазған едік.


Жоғары қарай