Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Атырауда базар саудагерлерінен ақша бопсалап келген 4 адам сотталды

2019 жылдың 22 сәуір 2019 23:40 734

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Дина» базарындағыларды тұрақты түрде бопсалаумен айналысып келген 4 тұрғын сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Сот мәжілісі барысында мәлім болғанындай, 4 ер адам 2017 жылдың қараша айынан бастап, 2018 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта «Дина» базарындағы саудагерлерден ақша бопсалаумен айналысып келген. Олар Өзбекстан азаматтарына күш қолданып, оларды қорқытып-үркітіп, күніне 100-500 теңгеден «салық» жинап отырған. Баукеспелер талап етілген қаржыны тауар ретінде де алған. Сонымен қатар қылмыскерлер «Тропикамид» және «Трамадол» сияқты дәрілерді заңсыз түрде нашақорларға сатып жүрген саудагерлерді де ақша төлеуге мәжбүрлеген. Осындай әрекеттерден соң олар Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерінің назарына іліккен»,-деп хабарлады облыстық сот өкілдері.

Ұсталғандар ҚР ҚК-нің «Топ болып алдын ала келісіп алып, бірнеше мәрте қатарынан бопсалау» әрекеті бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 2 жылдан 6 жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айырылды.    

 

 

 

 

Жоғары қарай