Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Атырауда банктен 12 млн теңге ұрлаған инженер ұсталды

2019 жылдың 11 шілде 2019 16:21

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда ірі көлемде қаржы жымқырған инженер-бағдарламашы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атыраудың көліктегі полициясы департаментіне сілтеме жасап.

«26 сәуір күні Атырау станциясындағы полицияның желілік бөліміне екінші деңгейлі банктердің бірінен «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ тиесілі 12 000 000 (он екі миллион) теңгенің ұрланғаны туралы ақпарат келіп түсті. Жедел іздестіру шаралары арқылы көліктегі полиция қызметкерлері күдіктіні тапты. Ол «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ жұмыс істейтін 23 жастағы инженер-бағдарламашы болып шықты», - делінген полиция хабарламасында.

Тексеру барысында күдіктінің Атырау халықаралық әуежайы есепшотынан ірі көлемдегі қаражатты қасақана өз танысының есепшотына аударғаны және сол күні ақшаны есепшоттан шығарғаны анықталды.

«Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (Ұрлық, аса ірі көлемде) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Атырау облысы қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен күдікті қылмыстық іс жасауда айыпты деп танылды және 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Жоғары қарай