Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Атырауда БАҚ өкілдеріне медициналық маска мен антисептик таратылды

2020 жылдың 30 наурыз 2020 02:09

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда БАҚ өкілдеріне медициналық маска мен антисептик таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Petrocouncil.kz сайтының негізін қалаушы Раушан Найзабаеваның айтуынша, Атыраудағы

БАҚ өкілдері үшін 100 мың теңгеге медициналық маска тігіліп, 120 мың теңгенің антисептигі және 23 790 теңгені құраған 50 дозатор сатып алынған. Мұның бәрі төтенше жағдайға байланысты құрылған облыстық штабқа тапсырылған.

«БАҚ өкілдеріне арналған сақтандыру құралдарын алуға кәсіпкерлер мен тұрғындар үлес қосты. Олардың бұл қадамын журналистердің еңбегін бағалау деп түсіндік», - дейді Раушан Найзабаева.








Жоғары қарай