Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Атырауда «Атырау мұнай және газ-2019» Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі ашылды

2019 жылдың 9 сәуір 2019 21:43 1033

АТЫРАУ.ҚазАқпарат- Атырауда «Атырау мұнай және газ-2019» 18-ші Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі ашылды. Мұнай-газ саласы бойынша  айтулы шара  9-нан басталып,  11-ші сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

«Атырау Мұнай және Газ-2019» 18-ші Солтүстік Каспий өңірлік көрмесінің мақсаты Атырау облысының инвестициялық әлеуетін таныстыру болып табылады.

Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен даму институттарының, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, шетелдік және отандық инвесторлар шақырылды.



null 

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өзінің құттықтау сөзінде өткен жылмен салыстырғанда қатысушылардың саны айтарлықтай өскендігін сондай-ақ,  көрмеге әлемнің 20 елінен мұнай, газ және құрылыс саласында 2000-нан астам сарапшы қатысып жатқандығын атап өтті.

«Бұл көрме 18-ші рет өткізілуде. Қатысушылардың саны артқан сайын, компаниялардың географиясы да кеңейеді. Бүгінде елімізде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасты. Бұл үшін елімізде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Осыған қарай бүгінгі күні біздің облыста 50-ден астам елдің 1000-нан астам өкілдері жұмыс істейді. Бүгінгі күні барлық қатысушылар жаңа серіктестер мен достар табатынына сенімдімін. Сәттілік тілеймін», - деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.



null

Көрмеде 50-ден астам шетелдік және қазақстандық компания өздерінің павильондарымен, өнеркәсіптік және мұнай-газ секторындағы барлық жабдықтарымен таныстырды.


null 

null 

Айта кетелік, «Атырау Мұнай және Газ-2019» жыл сайынғы көрмесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Атырау облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, KAZENERGY қауымдастығы, «КазСервис» Қазақстан сервистік компаниялары одағы және Қазақстан мұнайшылар қоғамы және геологтардың қолдауымен өтеді.  



null 

 

 

 

 

 

Жоғары қарай