Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 363.22
EUR 413.42
RUB 5.35
CNY 52.78

Атырауда 9 жасар қыз суға құлап, көз жұмды

2018 жылдың 18 шілде 2018 13:17 552

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 9 жасар қыз абайсызда суға құлап көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайғылы оқиға кеше сағат 19.45-де Атырау қаласындағы Балықшы кентіндегі Жайық өзенінде болған. 2009 жылы туған қыз бала абайсызда суға құлап кетті. Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының 3 қызметкері мен арнайы қайықтары қыздың денесін судан сағат 20.50-де алып шықты», - делінген облыстық ТЖД таратқан  хабарламада.

Айта кетейік, шомылу маусымы басталғалы Атырау облысында осымен 14 адам суға кеткен.  Оның 8-і балалар. 

 

 

Автор: Абай Абылайұлы
Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Жоғары қарай