Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Атырауда 71 үй мен 12 жатақхана апаттық жағдайда тұр

2019 жылдың 26 тамыз 2019 02:24

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 71 үй мен 12 жатақхана сүрілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда Атырауда 71 үй мен 12 жатақхана апаттық жағдайда тұр. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тұрғын үй секторы бұл нысандарды апаттық ғимараттар тізіміне қосқан. Олардың сүрілу реті мен тұрғындарға жаңа баспана беру тәртібі бекітілген», - деп мәлім етті қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Аталмыш мәселені тезірек шешу үшін «Нұрсая» және «Береке» шағын аудандарында құрылыс қызу жүріп жатыр. Мұндағы тұрғын үйлерге бірінші кезекте әлгі 12 жатақхананың тұрғындары қоныстанады.

Жоғары қарай