Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Атырауда 50 ана жаңа мамандыққа ие болды

2019 жылдың 4 сәуір 2019 18:18

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында тағы 50 әйел жаңа мамандықты игеріп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іскер ана» пилоттық өңірлік жобасы аясында көпбалалы, жалғыз басты, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар аналар мен табысы төмен отбасылардың әйелдерінен құралған тағы бір топ жаңа кәсіпті игеру үшін қысқа мерзімді курстан өтті.

Бұл жобаны «Ғасыр» оқу орталығының базасында «Азаматтық орталық» жүзеге асырып жатыр. «Азаматтық орталық» директорының орынбасары Ержан Оңғаралиевтің хабарлауынша, әйелдер мына мамандықтарға оқыған: есеп негіздері, шаштараз, аспаз, кадр қызметі, әрлеуші.

Аналарға сертификатты Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сағадат Әжіғалиев табыс етті.

Жобаға сәйкес, «Іскер ана» 12 мамандықты ұсынады: тігінші, аспаз, маникюр маманы, әрлеуші, шаштараз, есепші, массаж жасаушы, ағылшын тілі курстары, компьютер курстары, іс жүргізу, сатушы, әлеуметтік желілердегі маркетинг. Жобаның мақсаты - мамандықтары мен жұмыстары жоқ әйелдердің өзін-өзі жұмыспен қамтуына ықпал ету.

Автор: А. Соколов

Жоғары қарай