Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 366.43
EUR 420.11
RUB 5.58
CNY 52.87

Атырауда 1 қазаннан бастап жылу беріледі

2018 жылдың 24 қыркүйек 2018 00:58 396

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 15 қазанда тұрғын үйлерге жылу берілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин Шамшатов мәлімдеді.

Спикер жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барлық жоспарланған жұмыстары толық көлемде аяқталғанын және әлеуметтік нысандардың жылуы уақтылы берілетінін атап өтті.

«Қыркүйектің бірінші жартысында жылу желісін толық өшіру бағдарламасы орындалды және 18 қыркүйекте жылу беру кезеңінде жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру үшін беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар өткізілді. Сондай - ақ, күн сайын алдағы жылу беру маусымына тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін қадағалап отырамыз. Осылайша, барлық әлеуметтік нысандар, балабақшалар, мектептер, ауруханаларға жылу 1 қазанда қосылады», - дейді Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин Шамшатов.

Айта кетейік, Атырау қаласына жалпы биылғы жылы жылу 867 көп қабатты тұрғын үйлерге қосылады.

 

 

Жоғары қарай