Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 370.03
EUR 428.49
RUB 5.61
CNY 53.44

Атырау тұрғындары сыбайлас жемқорлық туралы есеп беру үшін 3 млн теңге алған

2018 жылдың 5 мамыр 2018 20:20 1027

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының тұрғындары қаңтар-наурыз айларында сыбайлас жемқорлыққа байланысты 3 млн теңге көлемінде сыйақы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Облыста жыл басынан бері жемқорлықпен айналысқан мемлекеттік мекемелер мен квазисектор өкілдерінің бірінші деңгейдегі 5 басшысы анықталды. Оның ішінде облыстық және аудандық деңгейдегі 2 басшы және қалалық деңгейдегі 1 басшы анықталып отыр. Пара алған Атырау облыстық ІІД 3 қызметкері ұсталды. Олар қылмыстық істерді тоқтату үшін ақша табуға тырысты», - деді өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов.

Т.Жұмағұловтың айтуынша, облыста 21 тұлға жемқорлық деректерін хабарлағаны үшін сыйақы алған. Берілген сыйақының жалпы көлемі 3 млн. теңгеден астам.

 

 

Жоғары қарай