Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Атырау полицейлері балалы әйелге қамқорлық көрсетті

2019 жылдың 8 шілде 2019 06:42

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық тұрғын 20 жыл отасқан әйелін үйінен қуып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алмагүл 20 жылға жуық бір шаңырақ астында өмір сүрген жұбайының кішкентай баласымен бірге бір күнде үйден қуып шыққанын түсіне алар емес.

«Енем қайтыс болғанша тыныш өмір сүрдік. Одан кейін жалғыз ұлымыздан айырылып қалдық. Жолдасым араққа салына бастады. Мен бесінші сәбиді дүниеге әкелдім. Дүниеге келген сәбидің қыз екенін білген жолдасым мені үйге кіргізбеді. Үлкен қыздарымды көруге мүмкіндік болмады, себебі оларды өзіммен бірге алып кетуге баспанам жоқ. Өзімнің анам көрші облыста тұрады, жағдайымды айтып, көңіл-күйін түсіргім келмейді. Атыраудан тұрақты жұмыс тапқым келгенмен, баламды қарайтын адам жоқ, оның үстіне пәтер жалдауға да қаражатым жетпейді», - деп мұңын айтты Атырау тұрғыны.

Атырау облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Төлегенова түрлі тағдырдың куәсі болған. Полиция подполковнигі Б.Төлегенова құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізсе, инспектор Самал Супалиева балалы ананы Алмагүл ықшамауданындағы дағдарыс орталығына орналастыру үшін құжаттарды толтырды.

Дағдарыс орталығының мамандары полицейлермен бірге неке куәлігін қайта жасап, содан кейін баланың туу туралы куәлігін рәсімдеуге кіріседі.
Дағдарыс орталығында әйелдер баласымен бірге 6 ай тегін тұра алады, осы уақыт ішінде аяққа тұрып, тұрақты жұмыс табуына мол мүмкіндік бар.

«Баламда «рахит» ауруының алғашқы белгілері бар, оны емдеп, алдағы уақытта қалған қыздарыммен де қауышатын боламын», - дейді дағдарыс орталығына орналасқан Алмагүл.

Полиция департаментімен меморандумға келіскен азаматтық бірлестіктер қазіргі уақытта Алмагүлге қамқорлық танытуды жоспарлап отыр, киім-кешек және тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етуде.

Айта кетелік, Атырауда жарты жылдың ішінде полициядан 400-ден астам әйел көмек сұраған. Оның ішінде 16 әйел мен кәмелет жасына толмаған 31 бала жан-жақты қамқорлық көрсететін мемлекеттік мекемеге орналастырылды.

Жоғары қарай