Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Атырау облысындағы жан түршігерлік жол апатынан үш адам қаза тауып, бесеуі зардап шеккен

2019 жылдың 23 маусым 2019 10:47

мАТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, 22 маусым күні Индер ауданында болған жол апатынан қаза тауып, зардап шеккендердің жалпы саны - 8. Бұған дейін үш адам қаза тауып, төрт жолаушы жарақат алғаны айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Оқиға орнында екі адам қаза тапқан, Индербордағы аудандық ауруханаға барар жолда тағы бірі қайтыс болды. Ауруханаға зардап шеккен 5 адам жеткізілді. Ауданға хирург пен реаниматолог жіберілді», - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға Индер ауданының Индербор ауылында болды. «Тойота» және «Лексус» автокөліктері соқтығысып, үш адам оқиға орнында мерт болды, ал төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Аймақтық полиция демпартаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы негізінде ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, мамандар зардап шеккендерді санитарлық авиациямен Атырауға жеткізу туралы шешім қабылдаған.

Басты сөздер: Оқиға, Көлік, Атырау облысы,
Жоғары қарай