Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Атырау облысында жас қыз бен жігіт өздеріне қол жұмсады

2019 жылдың 17 тамыз 2019 12:52

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы ауылдардың бірінде жас қыз бен жігіт өздеріне қол жұмсады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Махамбет аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне Бейбарыс ауылындағы үйлердің бірінде жазғы душ кабинасынан 1999 жылы туған жігіттің және 2001 жылы туған қыздың денесі табылғаны туралы хабар келіп түсті. Осы дерек бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына (өзін өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар белгіленді», - деп мәлімдеді облыс прокурорының аға көмекшісінің м. а. Д.Аймағамбетов.

Қылмыстық іс облыс прокурорының бақылауында.

Автор: А. Соколов

Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Жоғары қарай