Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 367.30
EUR 419.68
RUB 5.58
CNY 52.91

Атырау облысында сотталғандарды қоғамға бейімдеуде жүйелі жұмыстар жүргізілуде

2018 жылдың 18 маусым 2018 19:27 1039

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында түрмеден босатылған адамдарға жұмыс табуға, олардың әлеуметтік мәртебесін арттыруға және құқықтық қолдау көрсетуге көмектеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауованың төрағалығымен өткен пробация органдарында тіркелген бұрынғы сотталғандарды әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтылды.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 маусымындағы дерек бойынша бұрын сотталған 57 адам бас бостандығынан айыру орындарынан оралды. 185 адам пробация қызметінің есебінде тұрған. Осылайша, жұмыспен қамту органдарына 242 адам тіркелді.

«Тізім бойынша 142 адамға әртүрлі әлеуметтік көмек көрсетілді. Оның 29-ы жұмысқа орналасса, 15 адам квота бойынша жұмыс жасады. Сондай-ақ, 8 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, оның 19 адамы қайта даярлаудан өтті. Сонымен бірге, жеті адам әлеуметтік қолдаудан бас тартты, оның біреуі денсаулығына байланысты жұмысқа бара алмады, оның 12 адам жұмысқа орналасудан бас тартты. Бұдан басқа, 1 адам жеке кәсіпкер болды, тағы үшеуі «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға жіберілді. Сонымен бірге, 60 адам жұмыс берушілерге жіберіліп, қазіргі таңда олармен жұмыс жалғасуда», - деп мәлімдеді мәлімдеді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асқар Жанахмет.

Айта кету керек, әлеуметтік көмек көрсетілмеген 100 адамға жұмыспен қамту орталықтарына келу және тіркелу қажет екендігі туралы хабар берілді.

«Бұл 100 адам міндетті түрде әлеуметтену және жұмыс табу үшін көмек алуға міндетті. Психологтар мен менеджерлер, адвокаттар онымен сөйлесуі керек. Олар мемлекеттің назарынан тыс және қолдаусыз қалмауы керек»,- деп жауапты органдарға тапсырма берді Атырау облысының әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Нұрсәуле Сайлауова.

Сондай-ақ, ҮЕҰ және азаматтық институттар сотталғандарды табу және қалпына келтіруге көмектеседі. Осылайша, ішкі саясат басқармасы тағылымдамадан өтіп жатқан жас сотталғандармен жұмыс жоспарын әзірледі.

«Атап айтқанда, осы айда бұрынғы сотталғандарды қоғамға бейімдеу мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен кездесу өткізу жоспарланып отыр. Содан кейін нақты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында нақты ұсыныстар енгізілетін болады», - деді ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев.

Қазіргі уақытта ішкі саясат басқармасының азаматтық орталығы Атырау облысының тұрғындарына арнап, құқықтық кеңес беру мақсатында «Заң Clinic» жобасы іске асыруда.

Комиссия қорытындысы бойынша Атырау қаласының әкімдіктеріне және облыстың аудандарына, Мемлекеттік еңбек инспекциясының, жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының мамандарына осы азаматтарды жұмысқа орналастыру квотасын орындау үшін жұмыс берушілердің бірлескен тексерулерін ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарға қатысатын ұйымдардың жұмыстарына тарту туралы нақты тапсырмалар беріліп, қосымша психологтар штатын құрып, осы санаттағы азаматтарды оқытатын колледждердің материалдық-техникалық базасын жетілдіру қажеттігі сөз болды.



null

 

Жоғары қарай