Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 366.86
EUR 424.49
RUB 5.60
CNY 53.02

Атырау облысында шағын және орта бизнесті дамытуға 560 млн теңге бөлінді

2017 жылдың 13 желтоқсан 2017 19:24 1135

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында шағын және орта бизнесті дамытуға 560 млн теңге бөлінді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 56 бизнес жоба қаржылық қолдауға ие болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай ақпарат облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында жарияланды. Бүгінгі таңда аймақтағы кәсіпкерліктің белсенді дамуының арқасында жаңа жұмыс орындары ашылуда. Осылайша, ағымдағы жылда жергілікті тұрғындар былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, 4,6 есе артық жұмыспен қамтылды.

Пайыздық мөлшерлемелер субсидиясына 4,7 млрд теңгеге 93 бизнес жоба бекітілді. Аймақтағы жаңа кәсіпорындардың ашылуы жаңа 200 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Құлсары қаласында екі жергілікті тұрғын жалпы сомасы 21 млн теңгені құрайтын шағын несие алды және тағы 5 бизнес жобаны жүзеге асыруға 9 млн теңге бөлінді.

Бұдан өзге, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «ТШО» ЖШС биылғы жылы «Жарқыра» бағдарламасы аясында 6 жобаға арналған қайтарымсыз гранттар ұсынды, 2 бизнес жобаны жүзеге асыруға пайызсыз несие ретінде 6 миллион теңге берілді. 

 

 

Жоғары қарай