Ауа райы
Нұр-Сұлтан 5 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 378.90
EUR 422.74
RUB 5.87
CNY 54.80

Атырау облысы: Меморган басшылары әлеуметтік желіде халыққа есеп береді

2019 жылдың 22 қаңтар 2019 14:03 1198

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында мемлекеттік орган басшылары Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде халыққа есеп беретін болады, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

​Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Серікжан Ерментаевтың айтуынша, әлеуметтік желілерде есеп беру ақпан айында басталады және тұрақты түрде жүргізіледі.

​«2019 жылдың ақпан айынан бастап Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың басшылары әлеуметтік желілердегі Атырау облысы әкімдігінің ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы апта сайын есеп беретін болады. Бұл - уақыт талабы. Облыс тұрғындары Facebook немесе Instagram желілері арқылы үйлерінен шықпай-ақ тікелей байланыспен сұрақтарын қоя алады, - дейді С.Ерментаев. -Мемлекеттік орган басшылары Live режимде барлық сұрақтарға жауап береді, әлеуметтік желілердің бір артықшылығы, спикерлер эфир уақытына тәуелді емес.

null 

​2019 жылдың ақпан айында Атырау облыстық әкімдігі басқармалардың басшылары есеп бере бастайды.

​Сонымен қатар, Атырау облысында Telegram қосымшасында чат-канал жұмыс істейді. 7 мыңнан астам адам тіркелген «Атырау Цифрлық Қабылдау» мобильді қосымшасы да бар. Әр апта сайын мемлекеттік орган басшылары Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында, облыстық телеарнада тікелей эфирге шығып, журналистер мен телекөрерменнің сауалдарына жауап береді.

 

 

Жоғары қарай