Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Атырау облысында мас жүргізуші қағып кеткен 11 жасар бала көз жұмды

2019 жылдың 19 маусым 2019 02:13 6878

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында мас жүргізуші көлігімен 11 жасар баланы қағып, мерт етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Қызылқоға ауданының орталығы Миялы кентінде болған. Көшелердің бірінде 11 жасар баланы көлік қағып кеткен. Ауданның  орталық ауруханасына ауыр жарақатпен жеткізілген баланы дәрігерлер құтқарып қала алмады.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қазір осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Көлікті тізгіндеген жүргізуші мас болған.



Автор: А. Соколов

 

 

 

Жоғары қарай