Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Атырау облысында латын әліпбиіне байланысты семинар-тренингтер өтіп жатыр

2018 жылдың 11 қазан 2018 07:33 211

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында қазақ алфавитін латын әліпбиіне көшіру бойынша, көшпелі семинар-тренингтер өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырып жатыр. Спикерлердің қатарында Оразкүл Асанғазы мен филология ғылымының докторы, латын әліпбиіне көшу жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, танымал фонетик Әлімхан Жүнісбек бар.

Басқарма мамандарының айтуынша, семинар-тренингтер Қызылқоға, Жылыой, Махамбет, Индер, Исатай аудандарында өткен. 15-16 қазан аралығында Құрманғазы ауданында өтеді. Шараның мақсаты - ел тұрғындарын латын әліпбиіне көшуге дайындау.

Облыс орталығының тұрғындарына арналған семинар-тренингтер 11-12 қазан аралығында ұйымдастырылады. Жалпы алғанда облыс бойынша, 4 мыңға жуық адамды оқыту жоспарланып отыр.
 


Фото: mgorod.kz

 

 

 

Автор: Абай Абылайұлы
Басты сөздер: Білім, Атырау облысы,
Жоғары қарай