Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Атырау облысында көлік аударылып, әйел көз жұмды

2019 жылдың 12 шілде 2019 16:02

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 49 жастағы әйел жазық даладағы жолда қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Қаракөл ауылы мен Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылының аралығындағы жолда болған. Lada Granta көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, соның салдарынан автокөлік аударылды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 49 жастағы әйел сол жерде қаза тапты. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Автор: А. Соколов

Басты сөздер: Оқиға, Атырау облысы,
Жоғары қарай