Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 377.62
EUR 426.03
RUB 5.67
CNY 55.78

Атырау облысында Геопортал іске қосылды

2018 жылдың 23 шілде 2018 21:19 252

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жүзеге асырылып жатқан Геопортал облыс әкімі аппаратының Ахуалдық орталығының тапсырысымен жасақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жоба аймақтың түрлі бағыттағы қызметтерін қамтитын, әр объектінің әлеуметтік, көліктік, инженерлік инфрақұрылымы туралы деректері орналастырылған облыс пен қаланың алғашқы егжей-тегжейлі электронды картасы.

Геопорталды дербес компьютермен қатар Android және iOS негізіндегі ұялы құрылғыдан «Smart Атырау» қосымшасымен қолдану  мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Бұл өз алдына қала тұрғындары мен қонақтарына кез келген ұйымдардың, соның ішінде ХҚКО, емханалар, дәріханалар, қонақ үйлер, банкоматтар, АЖҚС және тағы да басқа әлеуметтік маңызды объектілердің  орналасу орнын, байланыс деректері мен жұмыс тәртібі деректерін оңай табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, автобус бағыттары мен аялдамалар туралы ақпараттар орналастырылған.

Геоақпараттық порталдың «Іс-шаралар», «Құқық бұзушылық картасы» секілді бөлімдерінен облыс тұрғындары барлық оқиғадан хабардар бола алады және де «Жолдаулар» сервисі арқылы аймақты басқару үрдісіне қатысу мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Бүған қызығушылық білдірген адам Атырау қаласын дамыту бас жоспарымен, соның ішінде бұрыннан келе жатқан және жобаланған қала бөлігіндегі қызық жолақтарымен танысуына болады. Облысты экономикалық дамыту мақсатында әлеуметті инвесторлар үшін мақсаттары, жалпы сомасы, қазіргі ахуалы мен артықшылықтары сипатталған перспективті жобалар жарияланған. Ашық деректер принципі Атырау облысының ауылдық елді мекендерінің жыл сайын жаңартылып отыратын статистикалық деректерімен қамтамасыз етіледі.

Өңірде өтетін жер аукциондары мен конкурстар туралы ақпарат жарияланымдары кәсіпкерлерге пайдалы болмақ. Бұл қызметтің ерекшелігі -сатылымға   шығарылған жер телімдерінің орналасқан жерімен қатар қатысу шарттары мен өтінім қабылдау орындарының көрсетілуі. Бұл әлеуетті қатысушы үшін аталмыш телімнің артықшылықтарын бағалау мүмкіндігін береді.

Геопорталдың әрі қарай дамуы қолжетімді ақпаратты арттыруға, цифрландыру мен автоматтандыруға және де ұсынылатын қызметтердің сапалылығын қамтамасыз етуге негізделген.

Осыған қоса, ағымдағы жылдың соңына дейін Атырау облысының тұрғындары мен бизнесі үшін Геопорталда жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы  салаларында 20 шақты электронды қызмет алу бойынша Геоақпараттық сервистер ұсынылатын болады. Бұл жер телімдерін, техникалық шарттарды, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру және тағы сол сияқты  өтінім беретін рәсімдерді едәуір жеңілдетеді.

Айта кету керек, қосымша ақпаратты мына сілтемеден ауға болады: https://geo.eatyrau.kz/.



null

null

 

Жоғары қарай