Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 359.00
EUR 420.10
RUB 5.41
CNY 52.38

Атырау облысында аудандық аурухананың қабырғалары жарыла бастады

2018 жылдың 17 сәуір 2018 18:55 1034

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Махамбет ауылында аудандық аурухана ғимараттарының бірінің қабырғалары жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«250 адамға арналған аурухана ғимараты 2011 жылы салынған. Ғимараттың қабырғаларының бірінде жарықтар алғаш рет 2017 жылы пайда болды. Биыл наурыз айында жарықтар ұлғайып, отбасылық денсаулық орталығы орналасқан ғимаратты жабуға тура келді. Қазір оны күрделі жөндеу мәселесі қаралуда», - дейді «Махамбет аудандық ауруханасы» МҚК директоры Ерлан Сүюғалиев.


Басты сөздер: Құрылыс, Атырау облысы, Оқиға,
Жоғары қарай