Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Атырау облысында 10 мыңнан астам жұмыссыз жұмысқа орналасты

2019 жылдың 24 тамыз 2019 12:09

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері 10 мыңнан астам жұмыссыз жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша жұмыспен қамту орталығына 14 420 адам келген, соның ішінде 10 009 адам жұмысқа орналасты. Ағымдағы бос жұмыс орындарына 3748 жұмыссыз, 372 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 714 орта және жоғары оқу орындарының түлектері жастар практикасы аясында құрылған жұмыс орындарына жіберілді. 846 адам кәсіптік оқудан өтті . «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздерін оқып үйренуге 784 адам жіберілді, 121 адам несие және 45 адам мемлекеттік грант алды», - деп хабарлайды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Гүлболат Аманғалиева.

Ол өңірде бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің белсенді жүргізілетінін еске салды. 30 жәрмеңкеге 3700 адам қатысып, нәтижесінде 1 808 адам жұмыспен қамтылды. Тағы 5 175 жұмыссыз қоғамдық төленетін жұмыстарға жіберілді.

Автор: А. Соколов

Жоғары қарай