Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Атырау колледжіндегі студенттерінің жаппай улануының мән-жайы анықталуда

2019 жылдың 23 мамыр 2019 21:36

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда колледж студенттерінің белгісіз газдан жаппай улануына қатысты жағдайдың себеп-салдары анықталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, колледждің 1-ші және 2-ші қабаттарының арасында белгісіз заттың мүңкіген исі білінген. Соның салдарынан 20 адам ауруханаға түсті. Балалардың мұндай жағдайға қалайша тап болғандығы нақтылануда. Бейнекамерадағы көріністер сарапталуда. Қазір балалардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу жұмыстарымен құқық қорғау органының өкілдері айналысып жатыр. Ықтимал себептердің бірі - балалар қорғаныс үшін қолданылатын газ баллонын шашуы мүмкін. Бейнекамераға түсірілген көріністер бөтен адамның білім беру мекемесіне кірмегендігін айғақтап отыр»-деді Атыраулық колледждің өндірістік оқыту жөніндегі директоры Гүлсім Жалмұханова.

Полиция департаментінің хабарлауынша, аталмыш факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне 293 баптың 1-ші бөлігі бойынша кіргізілген.

Жоғары қарай