Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Атырау халқы ерлікпен қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды

2019 жылдың 23 наурыз 2019 16:43 1447

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырауда суға кеткен қызды құтқару кезінде қаза болған полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевты ақырғы сапарға шығарып салу рәсіміне мыңнан астам қала халқы жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жиналған қауым арасында Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Байболов, облыстың бас полицейі полиция полковнигі А.Дүйсембаев, сондай-ақ Полиция департаментінің жеке құрамы болды.


null 

Қаралы жиында қызметкерінің жоғары адамгершілік қасиеттерін еске алған Полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаев: 

«Менің өзімнің қызмет еткен бірнеше жылдардың ішінде алғаш рет жас жауынгерімнен айырылып тұрмын. Менің жауынгерім қан майданда емес, адамды ажалдан арашалау кезінде Жайықтың асау толқынында қаза болды. Қош бол, менің жас жауынгерім!» - деп толқи сөйледі.


null 

Ақымғалиевтер отбасына көңіл айтып жолдаған ҚР Сенат Парламентінің төрағасы Д.Назарбаева, «Нұр Отан» партиясы төрағасының біріншісі хатшысы М.Әшімбаев, ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың жедел хаттары таныстырылды.

Жерлеу рәсімі кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевқа құрмет көрсету үшін полиция департаменті қызметкерлері аспанға үш мәрте бос патрондармен оқ атып, қоштасу белгісін білдірді.



null 

null 

 

 

Жоғары қарай