Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 432.47
RUB 6.12
CNY 55.78

Атаулы әлеуметтік көмек: Елордада 400-ден астам өтініш қабылданды

2019 жылдың 1 сәуір 2019 21:35 1264

НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат -  Бүгіннен бастап республика бойынша 21 мың теңгелік жәрдемақыны тағайындауға өтініш қабылданады. Атаулы әлеуметтік көмектің бұл түрі тұрмысы төмен барлық отбасыларға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық жұмыспен қамту орталығына сілтеме жасап.

«1 сәуірден бастап қаладағы 5 мекемеде, атап айтқанда Халықты жұмыспен қамту ортылығы және 4 аудан әкімдігінде атаулы әлеуметтік көмек бойынша азаматтардан құжат қабылдау басталды. Бүгін қала бойынша 436 адамнан өтініш қабылданды, оның ішінде 342-і Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы, 25 өтініш Алматы ауданы әкімдігі, 19 өтініш Байқоңыр ауданы әкімдігі, 10 өтініш Есіл ауданы әкімдігі және 40 адам Сарыарқа ауданы әкімдігі арқылы өтініш білдірді. Барлық өтініш иелеріне тиіс консультативтік көмек көрсетілді», - делінген орталықтың хабарламасында.

Жұмыспен қамту орталығының мәліметі бойынша, АӘК бойынша халықпен жұмыс істеп, көмек көрсету мақсатында арнайы оқу курсынан өткен 36 маман бекітілді. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың саны 2,2 есеге артқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Жоғары қарай