Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Атамбаевтың Қой-Таш ауылындағы үйінде атыс болды

2019 жылдың 7 тамыз 2019 21:25 233

БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтің Қой-Таш ауылындағы үйінде атыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Кабар агенттігіне Шу облысы ІІББ баспасөз қызметінің өкілі мәлім еткендей, елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың үйінен милицияға қоңырау шалынған.

«Оқиға орнына Шу облысы ІІББ жедел тергеу тобы аттанды. Қосымша ақпарат кейін берілетін болады», - деді ІІББ өкілі.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде Атамбаевтың үйінің маңайынан түсірілген видео тарап кетті. Видеода қарулы адамдар бастаған атыстың қадрлары көрсетілген.

Еске салайық, бұған дейін Жогорку Кенеш елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевтан тиіспеушілік мәртебесін алып тастау туралы шешім қабылдаған еді.

Айта кету керек, бұған дейін Атамбаевқа қатысты депутаттар тарапынан тағылған айыптарды зерттеу бойынша арнайы депутаттық комиссия құрылған болатын. Комиссия жұмысының нәтижесінде экс-президентке 6 бөлім бойынша айып тағу туралы шешім қабылданды.

Алайда Бас прокуратура комиссияның жұмысын заң тұрғысынан бағалай келе, тек бес бөлімді қалдырды.

Осылайша, Атамбаев Қой-Таш ауылынан жер телімін заңсыз сатып алып, үй салу, қылмыс әлеміне танымал Азиз Батукаевты қамаудан босатуға заңсыз бұйрық шығару, «Форум» ғимаратын Субихи Пархатиге жалған сату, Бішкек қаласының Жылу электр орталығын қайта құру және ол үшін көмір сатып алу кезіндегі жемқорлық әрекеттер бойынша күдікке ілініп отыр.

Атамбаев осымен үшінші рет ІІМ-ге ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі А.Батукаевты босату ісі бойынша жауап алуға шақыртылған. Алайда ол бармаған.

Басты сөздер: Оқиға, Қырғызстан,
Жоғары қарай