Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Ат спортынан жасөспірімдер чемпионаты өтеді

2019 жылдың 20 маусым 2019 11:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23-30 маусым күндері Алматы қаласының іргесіндегі ипподромда ұлттық спорт түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлағандай, жасөспірімдер чемпионаты Мәдениет және спорт министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспарына сәйкес Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен және Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Чемпионатқа 2001-2003 жылдары туған жасөспірімдер қатысады.

Көкпар, аударыспақ, теңге ілуден VІII рет, жамбы атудан V рет ұйымдастырылатын жасөспірімдер чемпионатының биылғы бәсекесіне барлық облыстан командалар қатысады деп жоспарланған. Қазіргі кезде Алматы қаласының іргесіндегі «Байсерке» ипподромында жасөспірімдер чемпионатын өткізудің соңғы даярлық жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, былтыр жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты Көкшетау қаласындағы «Құлагер» ипподромында өткен болатын.

Тамыз айында ту көтерген елішілік бәсекеде Алматы қаласы, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының жасөспірімдері бақ сынады. Көкпар спорты бойынша Түркістан облысының командасы бас жүлдені талассыз жеңіп алды. Күміс жүлде Жамбыл облысының, қола жүлде Ақтөбе өңірінің көкпаршыларына бұйырған еді.

Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Ұлттық бренд, Спорт,
Жоғары қарай