Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Астананың ботаникалық бағы қашан ашылады

2019 жылдың 21 ақпан 2019 17:15 1454

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылдың сәуір айында Астананың ботаникалық бағы келушілерді қабылдай бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Келушілер оранжереялық кешеннен экзотикалық өсімдік өскіндерін сатып ала алады.

«Ботаникалық бақ 2018 жылы Астананың 20 жылдығы қарсаңында құрылған болатын. Сегіз айда тропикалық ағаштар жерсініп, жеміс беріп жатыр. Енді сәуір айынан бастап барлық келушілерге есігімізді айқара ашамыз. Кіру билетінің құны жақында бекітіледі. Мұнда тропикалық ағаш пен өсімдіктер сатылады және күтім жасау бойынша кеңес беріледі», - дейді Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры Гүлнар Ситпаева.


null 

Одан бөлек, балаларға, мектеп оқушыларына және студенттерге арналған білім беру бағдарламалары әзірленеді.

«Биология, экология, орман ресурстары, өсімдіктану мамандығындағы студенттер біздің баққа келіп, тағылымдамадан өте алады. Бұл үшін Астанадағы жоғарғы оқу орындарымен меморандум әзірленіп жатыр.  Келешекте мұнда табиғат музейін ашып, балаларға өсімдікке күтім жасау жолдарын үйреткіміз келеді», - деді Г. Ситпаева.


null 

Астананың Ботаникалық бағы екі бөлімнен құралған. Оранжереялық кешенде жалпы саны 70-тен асатын тропикалық және субтропикалық өсімдік түрлері бар.  Ал суккуленттер бөлімінде кактус пен алоэ өсімдіктерінің 60-тан астам түрі бар.

Айта кетейік, Астананың Ботаникалық бағы 2018 жылы Елорданың 20 жылдығы қарсаңында ашылған болатын. Онда фикус, лимон, драцен, апельсин, папоротник, пальма және т.б. тропикалық мемлекеттерден әкелінген 1100 өсімдік отырғызылған. Екінші климатронда  960 суккулент отырғызылған. Олардың арасында әлемде сирек кездесетін коллекциялық кактустар мен гибридтер бар.



null 

null 

null 

 

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай