Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 363.28
EUR 414.25
RUB 5.44
CNY 52.79

Астаналықтар лифт картасын Telegram арқылы толтыра алады

2018 жылдың 19 шілде 2018 10:40 758

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада лифт карталарын Telegram арқылы толтыру қызметі іске қосылады. Бұл туралы Facebook-те «Astana Innovation» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Біз Telegram мессенджеріндегі елордалық чат-бот арқылы Https://t.me/smartastana_bot лифт карталарындағы баллансты толтыру мен төлеуді жүзеге асыру қызметін іске қоспақшымыз. Енді әрбір карта қолданушысы Smart Astana чат-боты арқылы өз баллансын тексеріп, оны толтыра алады. Оны банк картасы арқылы да, ұялы байланыс арқылы да толтыруға болады. Бәрі оңай», - деп жазды ол.

Оның айтуынша, қазіргі таңда үш лифт компаниясы - «Елорда-сервис», «Сарыарқалифт», «ЕсілЛифтПром» қосылған. Қалған сегіз компания қосылу үстінде.

«Алдағы бір-екі айда чат-бот арқылы тағы бірнеше төлем сервисін қосамыз. Қазір елордалық чат-ботты жасанды интеллект ерекшелігіне үлестіріп жатырмыз. Чат-бот үйреніп, алгоритмді есіне сақтауда», - деді ол.

Жоғары қарай