Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Астаналықтар қаладағы мәселелерді шешуге өз үлесін қоса алады

2019 жылдың 4 қыркүйек 2019 10:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бас қаланың түйіткілді мәселелерін шешуге арналған жаңа жоба іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан акселераторы» атты жоба қаланың маңызды тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерін тұрғындардың қатысуымен біріге отырып шешуге арналған.

«Бүгін біз қалалық акселератордың жұмысын ресми түрде бастадық. Акселератордың жұмысы астаналықтар үшін маңызды болып табылатын үш сұрақ бойынша жұмыс істейді. Және оның жұмысына елорданың ең белсенді тұрғындары тікелей қатысуда. Яғни белсенді тұрғындар мәселені оңтайлы шешуге қатысты өз ұсыныстары және идеяларымен бөліседі. Біз өз кезегімізде елорда тұрғындары үшін маңызды болып табылатын күн тәртібіндегі үш мәселені алдық. Ол алдымен қоғамдық көлік мәселесі. Өздеріңіз білесіздер, елорда халқы күн санап артып келеді, жыл сайын бас қаламызға 50 мыңнан астам жаңа тұрғын келеді. Бұл өз кезегінде қоғамдық көліктің жұмысына өз әсерін тигізеді. Екіншіден, ПИК-тің жұмысы. ПИК-тің қызметіне қатысты әкімдікке күнге көптеген арыз-шағымдар келіп түседі. Ендігі уақытта акселератор бағдарламасы аясында белсенді тұрғындар мен сала мамандары бұл мәселені шешімін бірлесе қарастыратын болады. Үшіншіден, қала тазалығы. Әсіресе қыстыгүні көшелердің қарын тазалау мәселесі мен одан да басқа тазалыққа қатысты сұрақтарды қалай шешуге болатынын тұрғындардың өздері ұсынатын болады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова «Seedspace Nur-Sultan» орталығында өткен жиын барысында.




Оның айтуынша, аталған жобаға қатысуға 100-ден астам елордалық белсенді тұрғын ниет білдірген.

«100 күннен соң аксерелатор мүшелерінің қорытынды жиыны өтеді. Оның құрамында белсенді қала тұрғындарымен қатар құзырлы органдардың қызметкерлері болады. Жұмыс тобы берілген уақыт ішінде өздеріне берілген қалай шешуге болатындығын ұсынатын болады. Әкімдік өз кезегінде барлық ұсыныстар мен идеяларды тыңдап, талқылап, үздік дегенін жүзеге асыратын болады», - деді ол.

Қала әкімі орынбасарының мәлімдеуінше, арнайы құрылған жұмыс тобы аталған үш мәселенің оңтайландыру жолын 100 күннің ішінде шешуі тиіс.








Жоғары қарай