Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Астаналық әйел докторлық диссертация «жазушыға» алданып қалды

2019 жылдың 12 маусым 2019 13:17

ӨСКЕМЕН. Қазақпарат - Семейлік азаматқа докторлық диссертация жаздыртып алмақ болған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны алданып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10 маусым күні Семей қаласының полиция басқармасына астаналық әйелден арыз түскен. 43 жастағы елорда тұрғыны өзі жете танымайтын адамға докторлық диссертация жазғызу үшін 1,5 млн теңге ұстатып қоя береді. Уәдені үйіп-төккен ер адам қолына ақша тиген күні-ақ телефонын өшіріп, хабарсыз кеткен.

«Жедел іздестіру шараларының арқасында күдіктінің 56 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір оның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жоғары қарай