Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Астанаға 13 келі есірткі әкелген Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды

2019 жылдың 6 тамыз 2019 12:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тәртіп сақшылары Жамбыл облысының тұрғынын 13 келі есірткімен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 37 жасар Жамбыл облысының тұрғынын қолға түсті. Ол 13 келі «гашиш» есірткісін қалаға «Қарағанды-Нұр-Сұлтан» тас жолындағы бекет арқылы алып өтпек болған жерде ұсталды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті есірткіні елорда аумағында таратпақ болған. Полиция есірткі сатушылардың қылмыстық байланысы мен сату орнын анықтау барысында әрі қарай іс-шаралар жүргізуде.

Басты сөздер: ҚР ІІМ, Есірткімен күрес,
Жоғары қарай