Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

«Астанафильм» киностудия жобасы уақытша тоқтатылды

2019 жылдың 9 тамыз 2019 18:08 144

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ЭКСПО аумағындағы «Астанафильм» жаңа киностудиясын құру жобасы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Кинематография және театр өнері басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір жоба (Астанафильм – ред) уақытша тоқтатылды. Бұл мәселені әзірге кейінге қалдыра тұруды тапсырды», - деп жауап берді Кинематография және театр өнері басқармасының басшысы Алтынгүл Нұрбекова.

Сонымен бірге, басқарма аталған жобаның тоқтатылу себебін түсіндірмеді.

Айта кетейік, «Астанафильм» киностудиясын құру бастамасын Мәдениет және спорт министрлігі 2018 жылдың қыркүйек айында хабарлаған еді.


Жаңа кешен ЭКСПО аумағында шамамен 5 жылда салынуы тиіс болған.


Жоғары қарай