Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 360.87
EUR 410.27
RUB 5.40
CNY 52.31

Астанадан жарты жылда 15 мыңға жуық ұшақ ұшқан

2018 жылдың 19 шілде 2018 11:11 474

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 2 млн 145 мың 154 жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзіммен салыстырғанда 17 %-ке көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2018 жылдың жарты жылында халықаралық әуежай ішкі бағыттағы жолаушылар көлемін 12 %-ке арттырып, осы аралықта 1 млн 346 мың 578 адам әуежай қызметіне жүгінген. Бұдан өзге, ағымдағы жылғы қаңтар-маусым айларында елорданың әуе қақпасы халықаралық бағыттағы 798 мың 576 жолаушыға қызмет көрсетіп, сәйкес мерзіммен салыстырғанда 26%-ке арттырған.    

Сондай-ақ, аталған кезең ішінде Астана әуежайынан  14 мың 353 ұшақ ұшу сапарларын орындаған (бұл көрсеткіш 2017 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 11%-ке артық).

 

 

Басты сөздер: Астана, Қоғам,
Жоғары қарай