Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

Астанадағы жәрмеңке: Қостанайдан 380 тонна ауыл шаруашылық өнімі әкелінді

2019 жылдың 7 қыркүйек 2019 11:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығы алаңында Қостанай облысының ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сауда таңғы сағат 07:30-дан басталды. Биылғы жәрмеңкеге облыстан 380 тонна ауыл шаруашылығы өнімі әкелінді. Оның ішінде 50 тонна ет өнімдері, 35 тонна сүт, 15 тонна бал, 30 тонна көкөніс, 20 тонна жұмыртқа, одан бөлек 130 тоннадан астам бақша өнімдері жеткізілді», - деді Қостанай облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Жансұлтан Таукенов.




Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Қостанай қаласын қоса алғанда 17 ауданның тауар өндірушілері қатысып жатыр.

«Сауда жақсы жүріп жатыр, әсіресе р біздің ет, сүт және ұн өнімдеріне елордалықтардың сұранысы жоғары. Нарықтағы бағадан жәрмеңке бағасы 15-20 пайызға төмен. Өңірден жалпы 210 млн теңгенің өнімі жеткізілді. Жыл санап өз тауарын елорда жәрмеңкесіне әкелгісі келетін тауар өндірушілердің де саны артып келеді. Дегенмен біздің мақсат санды өсіру емес, сапаны арттыру. Яғни тауар өндірушілерден өнімнің сапалы әрі экологиялық болуын талап етеміз», - деді ол.








«Хан-Шатыр» ОСО алаңында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы өнімдері жәремеңкесі екі күнге жалғасады.

Қостанай облысының азық-түлік өнімдеріне ұсынылатын орташа баға:

Сиыр еті – 1500-1600 теңге (1 келі);

Жылқы еті – 1600-1800 теңге (1 келі);

Қой еті – 1500-1600 теңге (1 келі);

Құс еті – 1100 теңге ( 1 келі);

Шошқа еті – 1350 теңге (1 келі);

Пісірілген шұжық – 900-1100 теңге (1 келі);

Жартылай ысталған шұжық – 1100-2000 теңге ( 1 келі);

Сүт – 170-210 теңге (1 литр);

Сары май – 1500 теңге (1 келі);

Жұмыртқа – 170-200 теңге (10 дана);

Макарон өнімдері – 170 теңге ( 1 келі);

Жоғары сұрыпты ұн – 140 теңге (1 келі);

Бірінші сұрапты ұн – 110 теңге ( 1 келі);

Нан – 80 теңге;

Бал – 1 500 теңге ( 1 келі);

Күнбағыс майы – 360 -390 теңге (1 литр);

Картоп – 80-90 теңге ( 1келі);

Сәбіз – 80-90 теңге ( 1келі);

Пияз – 80-90 теңге (1келі);

Қырыққабат – 80-90 теңге (1келі).




































Жоғары қарай