Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Астанадағы жаңа онкология орталығы қашан пайдалануға беріледі

2019 жылдың 24 қаңтар 2019 18:30 1062

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада жаңа Ұлттық ғылыми онкология орталығы құрылысына арналған қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық ғылыми онкология орталығы басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Байпейісовтың айтуынша, жаңа орталық қолданыстағы нысанды қайта құру жолымен іске асырылады. Бұл тұрғыда жаңа емдеу-диагностикалық блоктың құрылысы жүргізіледі. Бүгінде 2018-2020 жылдарға арналған Жол картасы жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, нысанды жобалауға арналған техникалық және медициналық-технологиялық тапсырмалар әзірленді.

«Құрылыс жұмыстары 2019 жылдың наурызында басталады, сондай-ақ нысандар 2020 жылы желтоқсанда тапсырылады», - деп нақталады ол.

Д. Байпейісов орталық ашылғанға дейінгі екі жыл мерзімде соңғы буынды технологиямен жұмыс істей алатын мамандар даярлықтан өткізілетінін атап өтті.

«Қазақстанда Жастар жылы жарияланды. Сондықтан біздің орталық жұмысында білікті жас мамандарға екпін қоямыз. Шетелдегі үздік оқу орындарында білім алған жас дәрігерлер өзімізге тартатын боламыз», - деді ол.



null 

Белгілі болғандай, елордадағы бұл орталықта жыл сайын жоғары технологиялық медициналық қызметті қолдана отырып, стационарлық көмек жағдайында 6 мың және амбулаторлық жағдайда 30 мыңнан аса науқас медициналық көмек алатын болады. Заманауи сәуле терапиясы қызметі 4 мың пациентке көрсетіледі. Сол сияқты, 10 мың науқас ядролық медицинаның көмегімен онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу мүмкіндігін алады. Орталық еліміз халқын бастапқы кезеңдегі дагностиканың өте тиімді әрі жоғары технологиялық әдістерімен және қатерлі ісікті үздік халықаралық тәжірибелер негізінде емдеумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Таратылған мәліметке қарағанда, жыл сайын Қазақстанда қатерлік ісік ауруларының 35 мыңнан астам жағдайы тіркеледі. 170 мыңға жуық тұрғын қатерлі ісік ауруына байланысты есепте тұр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы өзінің халыққа арналған Жолдауында 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастауды тапсырды. Сондай-ақ, ол орталықтың қанша науқасқа қызмет көрсететіні алдын ала хабарланды.



null 

 

Жоғары қарай