Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Астанадағы кәсіпқой бокс кеші: Қазақстандықтар жеңіспен бастады

2018 жылдың 16 желтоқсан 2018 17:40

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні мерекесі күніне орай Астанадағы өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде қазақстандықтар жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Шаршы алаңға бірінші болып шыққан 66 келі салмақтағы Асхат Уәлиханов украиналық боксшы Ярослав Юровпен жұдырықтасып, 6 раундтық жайқастың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан қазақстандық Уәлихановты жеңімпаз деп тапты.

Айталық, Асхат Уәлиханов осыған дейін бес рет жекпе-жек өткізіп, біреуінде ғана сүрінген еді. Міне, бүгін бесінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал оның қарсыласы Ярослав Юров кәсіпқой рингке екі рет шығып, екі кездесуінде де басым түскен. Алайда, бүгін қазақ боксшысынан ұпай айырмасымен алғашқы жеңілісіне ұшырады.



null

Еске сала кетейік, кәсіби бокс кеші Qazaq Promoutions промоутерлік компаниясының бастамасымен Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатыр.


Фото: Мұхтар Қалимолла

Жоғары қарай