Астанада және бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан соққан желдің күші - 15-20, кей жерлерде - 25 м/с жетеді.
Осы күні Петропавл қаласында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
29 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз жел қарқыны - 18 м/с. 30 қыркүйек түнде көктайғақ болуы ықтимал.
29 қыркүйекте Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. 29-30 қыркүйекте кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түседі.
Көкшетау қаласында түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болып, тұман түседі.
29 қыркүйек Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз жел жылдамдығы секундына 15-20, 23 метр болады.