Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 366.43
EUR 420.11
RUB 5.58
CNY 52.87

Астанада жаңа автовокзал ашылды

2018 жылдың 12 қазан 2018 18:24 535

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Нұрлы жол» теміржол вокзалының аумағында «Сапаржай» автобекеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа автобекет қалааралық және облысаралық бағыттар бойынша қызмет көрсетеді.

«Теміржол вокзалының жанынан автобекет ашу арқылы жолаушылар өз уақыттары мен қаражатын үнемдеп, діттеген жеріне тезірек жете алады. Бұл барлығына ыңғайлы және көшедегі кептелісті азайтуға да септігін тигізеді», - деді «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешенінің директоры Дінмұхамед Құсайынов.

Автовокзалдың жалпы аумағы 8,6 мың шаршы метрді құрайды және жобасы барлық заманауи талаптарға сай келеді. Онда диспетчер бөлмесі, анықтама бюросы, медициналық пункт, билет кассасы және жолаушыларды мінгізіп-түсіретін тұрақ алаңы бар.

Бастапқыда автобустар бес облысаралық (Степногорск, Қорғалжын, Ерейментау, Көкшетау, Державинск) және 6 қалааралық (Қарағанды, Жезқазган, Балқаш, Қызылорда, Алматы, Шымкент) бағыт бойынша жүреді.

 

 

Автор: Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам, Астана,
Жоғары қарай